01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №333

197 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 26 наурыз, Астана қаласы Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А.Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е.Досаев 2015 жылғы «___» __________ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №333 бұйрығымен бекітілді Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемле­кеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды. 2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлiгiмен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу бiрыңғай мемлекеттiк дерекқор қалыптастыру және қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзіледi. 3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жылжымалы құрамның бiрлiктерi жатады. 4. Мемлекеттік тiркеуден, не қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағи­даларға 1-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – тізілім) енгiзілуге тиiс. 2. Жылжымалы құрамды тіркеу тәртiбi 5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу жылжымалы құрам иелерінің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады. 6. Жылжымалы құрам меншік құқығы алынған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда мемлекеттік тiркелуге тиіс. 7. Тiркелетiн жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу: 1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлға тiркелген орны бойынша; 2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады. 8. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымалы құрамның бiрнеше үлгiлерiн мемлекеттік тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі. 9. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу үшiн жеке және заңды тұлғалар тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 2) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен және мөрімен расталған осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6 - қосымшаларға сәйкес мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам, оның iшiнде сенiмгерлiкпен басқаруға, мүлiктiк жалға не лизингке берiлген паркiнiң тiзбесі; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкiлдiң өкiлеттікті растайтын құжат; 4) меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шарты; 5) жасаушы зауыттың жылжымалы құрамның әр бірлігіне арналған техникалық паспорты (формуляры); 6) тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат. Көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірме­лерімен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне өтініш берілген сәтте қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер ұсынылады. 10. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемле­кет­тік тiркеу туралы өтiнiштi осы Қағидаларға 9-тармақта көрсетілген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қарайды. 11. Тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құра­мын мемлекеттік тіркеу үшiн алым «Салық және бюд­жетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде 456-бабына сәйкес алынады. 12. Жылжымалы құрамды тiркеген адам оны мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап пайдаланады. 13. Жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады. Жылжымалы құрамның әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi. 14. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемле­кеттік тiркеу не қайта тіркеу туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей: 1) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған; 2) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында не машина жазбаларында түзетулер не көшiрмелердi куәландыратын қолы және оларды растауды талап ететін даналарында мөрi болмаған және/немесе электронды өтініш толтыру кезінде талап етілетін мәліметтерде қателер жоқтығы; 3) Заң тәртібінде белгіленген сот қабылдаған шешiмге сәйкес жылжымалы құрамға тыйым салынған жағдайларда, жазбаша түрде уәжделген бас тарту туралы жауап береді; 4) Осы қағиданың 16-тармағында көзделген. 15. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген; 2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өткен; 3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелген, сондай-ақ әкеткен жағдайларда, мемлекеттік тiркеуге жатпайды. 16. Тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы бар маусымдылығы және шектеулі мақсатқа арналған жылжымалы құрамды қоспағанда, бұрын ұзартылған қызмет ету мерзімі бар вагондар, сондай-ақ қалдықты қызмет мерзімі жасалған кездегі тағайындалған қызмет мерзімінен 60% кем құрайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы тіркелетін жүктерді тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды тіркеуге рұқсат етілмейді. Осы тармақтың мақсаттары үшін тасымалдайтын жүктерді шектеулі номенклатурасы, маусымдылығы бар және шектеулі мақсатқа арналған жылжымалы құрам деп мынадай жылжымалы құрам түсініледі: вагон-хоппер: ыстық шекемтастар үшін дозатор, агломиратты тасымалдау үшін, астық тасығыш, цемент тасығыш; вагон-транспортер; вагон-платформа: алмалы-салмалы жабдығымен әмбебап; тасымалдау үшін вагон-цистерналар: қышқылдар, фосфор, балқытылған күкірт; вагон думпкар; вагон рефрежиратор; мұздақ; термос. 17. Жылжымалы құрам осы Қағидаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге қайта тіркеледі. 18. Жылжымалы құрам: 1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға; 2) сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда, қайта мемлекеттік тiркеу жүргізілмейді. 3. Жылжымалы құрамды тізімнен шығару тәртібі 19 Жылжымалы құрам тiзiлiмнен: 1) жылжымалы құрам есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған не алты айдан астам жоғалып, оны iздестiру тоқтатылған; 2) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға не дара кәсіпкер таратылған не қызметі тоқтатылған; 3) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда алып тасталады. 20. Жылжымалы құрамды тізілімнен шығарған кезде меншiк иесi не оған теңестiрiлген адам тіркеуші органға 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшті және есептен шығару туралы актіні не зақымдану, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжатын, болмаса лизиниг, жалданба мүлік (жалға беру) келісім шартын ұсынады 21. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды шығару туралы мәлiметті тiзiлiмге енгiзедi және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді. 4. Жылжымалы құрамының кепілін тіркеу тәртібі 22. Жылжымалы құрамды кепілін тiркеу жылжымалы құрамды иелерінің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады. 23. Тіркеуші орган жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тiркеу үшiн жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу тiзiлiмiн осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жүргiзедi және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдайды, кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiкке алынған жылжымалы құрамын иелiктен айыруға жол бермейдi. 24. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу, үшiн өтініш беруші не оның сенімхаты бойынша уә­кілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу ту­ралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Заңының 9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады. 25. Тіркеуші орган кепiлдi мемлекеттік тiркеу өзгерістер, толықтырулар және тіркелген кепілді жою не одан бас тарту туралы шешiмді «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңының 10, 11, 16, 17 және 19-баптарына сәйкес қабылдайды. 26. Жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тіркеу, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде 456-бабына сәйкес алынады. 27. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады. Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмi Тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі КБИ Куәлік нөмірі Берілген күні Меншік иесі Меншік түрі Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі Көлік құра­лы­ның жалпы қуаты, квт 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Зауыт нөмірі Түгендеу нөмірі Жасалған күні Нормативтік қызмет мерзімі Соңғы жөндеу күнi Келесі жөндеу күнi КЖ-1 КЖ-2 10 11 12 13 14 15 16 кестенің жалғасы Техникалық жай-күйі Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр Дейін жарамды Сериясы Санаты Тіркелген орыны жарамды есептен шығарылған 17 18 19 20 21 22 23 Арнайы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі КБИ Куәлік нөмірі Берілген күні Меншік иесі Меншік түрі Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Зауыт нөмірі Түгендеу нөмірі Жасалған күні Нормативтік қызмет ету мерзімі Соңғы жөндеу күнi Келесі жөндеу күні Техникалық жай-күйі КЖ-1 КЖ-2 жарамды есептен шы­ғары­лған 9 10 11 12 13 14 15 16 17 кестенің жалғасы Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр Дейін жарамды Түрі Санаты Тіркелген орыны 18 19 20 21 22 Жүк жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі КБИ Куәлік нөмірі Берілген күні Меншік иесі Меншік түрі Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Зауыт нөмірі Түгендеу нөмiрi Жасалған күні Нормативтік қызмет ету мерзімі Соңғы ДЖ күні Соңғы жөндеу күнi КЖ-1 КЖ-2 9 10 11 12 13 14 15 кестенің жалғасы Келесі жөндеу күнi Техникалық жай-күйі Жұмысқа жарамсыз Дейін жарамды Түрі Санаты Тіркелген орыны жарамды есептен шығарылған 16 17 18 19 20 21 22 23 Жолаушы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі КБИ Куәлік нөмірі Берілген күні Меншік иесі Меншік түрі Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Зауыт нөмірі Түгендеу нөмiрi Жасалған күні Нормативтік қызмет мерзімі Соңғы ДЖ күні Соңғы жөндеу күнi КЖ-1 КЖ-2 ҚМҰКЖ ҚККЖ 9 10 11 12 13 14 15 16 17 кестенің жалғасы Келесі жөндеу күнi Техникалық жай-күйі Жұмысқа жарамсыз Дейін жарамды Түрі Санаты Тіркелген орыны жарамды есептен шығарылған 18 19 20 21 22 23 24 25 Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 2-қосымша ___________ облысы (қаласы) бойынша уәкiлеттi органның басшысы ___________________________________ (Т.А.Ә.) Өтiнiш ___________________________________________________ құқығында тиесiлi (меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг) саны ____________ бiрлiк жылжымалы құрамды тiркеудi (қайта тiркеудi), мемлекеттік тізілімнен шығаруды сұраймын (керек емесін сызып тастау) Мекенжайы: ________________________ қаласы _____________________________ көшесi. ЖСН/БЖН: ____________________________________________________________ байланыс телефондары (факс) _________________________________________ Тiзбе __________________________________ парақта қоса берiледi. Өтiнiш берушi ________________/________________________________ (басшының қолы) (Т.А.Ә.) М.О. (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн) Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 3-қосымша Нысан ______________________________________ (иесiнiң толық атауы) тиесiлi тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тiзбесi Р/с № Сериясы Санаты Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі Зауыт нөмiрi Түгендеу нөмiрi Жасалған күн 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Нормативтік қызмет ету мерзiмi Соңғы жөндеу күнi Келесі жөндеу күні Техникалық жай-күйі Дейін жарамды Тіркелген депосы Көлік құра­мының жалпы қуаты, квт (КЖ-1)* (КЖ-2)** жарамды есептен шығарылған 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Басшы ______________________/_________________________________/ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн) Ескертпе: *(КЖ-1) – 1-көлемдегi күрделi жөндеу **(КЖ-2) – 2-көлемдегi күрделi жөндеу Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 4-қосымша Нысан ______________________________________ (иесiнiң толық атауы) тиесiлi жүк жылжымалы құрамының тiзбесi Р/с № Вагон түрi Санаты Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі Зауыт нөмiрi Түгендеу нөмiрi Жасалған күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Нормативтік қызмет ету мерзiмi Соңғы жөндеу күні (ДЖ)* Соңғы жөндеу күнi (КЖ) Келесі жөндеу күні Техникалық жай-күйі Дейін жарамды Тіркелген орыны (КЖ)** (ҚМҰКЖ) *** жарамды есептен шығарылған 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Басшы ______________________/_________________________________/ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн) Ескертпе: *(ДЖ) – деполық жөндеу **(КЖ) – күрделi жөндеу ***(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу **** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 5-қосымша Нысан ______________________________________ (иесiнiң толық атауы) тиесiлi жолаушы жылжымалы құрамының тiзбесi Р/с № Вагон түрi Санаты Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі Зауыт нөмiрi Түгендеу нөмiрi Жасалған күн 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Нор­ма­тив­тік қызмет ету мерзiмi Соңғы жөндеу күні (ДЖ)* Соңғы жөндеу күнi (КЖ) Келесі жөндеу күні Техникалық жай-күйі Дейін жарамды Тіркел­ген депосы (КЖ-1) ** (КЖ-2) *** (ҚМҰКЖ) **** (ҚККЖ) ***** жарам­ды есептен шығарылған 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Басшы ______________________/_________________________________/ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн) Ескертпе: *(ДЖ) – деполық жөндеу **(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу ***(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу **** (ҚМҰКЖ) – қызмет ету мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу ***** (ҚККЖ) – қалпына келтіре отырып, күрделі жөндеу Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 6-қосымша Нысан ______________________________________ (иесiнiң толық атауы) тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тiзбесi Р/с № Сериясы Санаты Жалға алушы Жалға алу мерзімі Қатынау өңірі Зауыт нөмiрi Түгендеу нөмiрi Жасалған күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Нормативтік қызмет ету мерзiмi Соңғы жөндеу күнi (КЖ) Келесі жөндеу күні Техникалық жай-күйі Дейін жарамды Тіркелген орыны (КЖ-1)** (КЖ-2)*** жарамды есептен шығарылған 10 11 12 13 14 15 16 17 Басшы ______________________/_________________________________/ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн) Ескертпе: *(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу **(КЖ-2) – 2-күрделi жөндеу Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 7-қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi КӨЛIК КОМИТЕТI Жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы (керегінің астын сызу) КУӘЛIК КБИ_ _ _ _ _Сериясы_ _ _ _ _ _№_ _ _ _ _ _ Осы куәлiк «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ________________________ ____________________________________________________________________________________ құқығындағы (жылжымалы құрамына құқығы көрсетiлсiн) _________________________________________________________________________________________ берiлдi (иесiнiң толық атауы, Т.А.Ә.) және _______________________________________________________________________________ үлгiсiндегi санаты ______________________________________________________________________________________ сериясы, вагон түрi ____________________________________________________________________________ зауыт нөмiрi ___________________________________________________________________________________ түгендеу нөмiрi ________________________________________________________________________________ секциясы _______________________________________________________________________________________ жасалған жылы __________________________________________________________________________________ 20__ жылғы «___» ______________ бастап жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайды. (керегінің астын сызыңыз) Осы куәлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесiн куәландыратын құжатпен бiрге көрсетiледi, ондағы келтiрiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады. _______________________________________________________________________________________________ Берiлген күнi 20__ жылғы «___» ________________ М.О. Уәкiлеттi органның лауазымды адамы __________________________________ қолы, Т.Ә.А. Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 8-қосымша Нысан Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi Жазбаның № Тізілімнің № Кепілдің мәні Кепіл ұстаушы Кепіл беруші Кепілдің сомасы Шарттың қолданысы Ауыртпалықтың туындауы Ауыртпалықтың жойылуы Тіркеушінің ерекше белгілері Жеке тұлға­ның Т.А.Ә. тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу № Жеке тұлға­ның Т.А.Ә. тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу № Теңге Доллар Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеуші-нің Т.А.Ә. және қолы Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тір­кеу­шінің Т.А.Ә. және қолы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 9-қосымша ___________________________________________ (тіркеуші органның атауы) 20__ жылғы «___» ___________ № _____ Жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК _______________________________________________________________________________________________ кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті _______________________________________________________________________________________________ өкілінің деректемелері) _______________________________________________________________________________________ берілді. Жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау: Мүліктің түрі Тізілімдік нөмірі Кепіл затының сипаттамасы Құрам саны Құны Ескертпе Кепіл ұстаушының құқықтары: ____________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні мен жылы) Мекенжайы: _______________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және заңды _______________________________________________________________________________________________ тұлғаның тіркеу нөмірі) _______________________________________________________________________________________________ Кепіл заты _____________________________________________________________________________________ (кепіл затының сипаттамасы) __________________________________________________________________ кепіл туралы шарттың негізінде (шартты жасасу күні) пайда болды __________________________________________________________________ тіркелген және мынадай негізгі (тіркелу күні мен нөмірі) шарттарды қамтиды _____________________________________________________________________________________________ (негізгі міндеттеменің орындалу мөлшері, мерзімі және кепілдің өзге _____________________________________________________________________________________________ де шарттары) Кепіл берушінің құқықтары ______________________________________________________________________ (құқық түрі) _____________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты орны, туған күні және жылы; _______________________________________________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және тіркеу нөмірі) _____________________________________________________________________________________________ (кепіл затына құқық белгілеуші құжаттың атауы, _______________________________________________________________________________________________ қабылдау күні, тіркеу күні мен №) ____________________________________________________________________________________ расталды Басшы ____________________________________________________________ М.О. ______________________ (Т.А.Ә.) (қолы) _______________________________________________________________________________________________ Ескертпе: 1. Осы куәлік кепілді өтеу кезінде тіркеуші органға қайтарылуы тиіс. 2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда, құқық иеленуші куәлікті жоғалту (бүлдіру) себептерін көрсете отырып, тіркеуші органға өтініш беруі тиіс. Жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу қағидаларына 10-қосымша ________________________________________ (тіркеуші органның атауы) Өтініш № _____ Кепіл беруші Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: __________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______ серия _________ № ______ _______________________________________________________________ берген, берілген күні _____________ (құжатты берген органның атауы) Пошталық мекенжайы, телефон ____________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ атынан (уәкілетті өкілдің деректемелері) ___________________________________________________________________________ негізінде әрекет етеді. (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері) Кепіл ұстаушы Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: _________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______ серия _________ № ______ ______________________________________________________________ берген, берілген күні _____________ (құжатты берген органның атауы) Пошталық мекенжайы, телефон ____________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ атынан (уәкілетті өкілдің деректемелері) __________________________________________________________________________ негізінде әрекет етеді. (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері) Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: __________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Шарттың жасалған күні ___________________________________________________________________________ Шарттың жасалған орны __________________________________________________________________________ Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы) ____________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Кепілге салынған мүліктің құны ___________________________________________________________________ Кепілмен қамтамасыз етілген міндетті ақшалай эквивалент ___________________________________________ Шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________________________________________ Кепілге салынған мүлік ___________________________________________________________ кепіл берушінің ________________________________________________________________________________ кепіл ұстаушының иелігінде және пайдалануында қалады Пайдалануға болатыны: иә, жоқ Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: иә, жоқ (керек емесін сызып тастау) Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашан және кім берген) 1. _____________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе: иә, жоқ (керек емесін сызып тастау) --------------------------------------------------------------------- Өтініш берілген күн: 20__ ж. ________________________________________ Өтініш қабылданған күн: 20__ ж. _____________________________________ Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________ Уақыт: ___________________________ сағат _______________________ мин. Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11119 болып енгізілді.